Астанада мектеп жетіспейді

Астанада мектеп жетіспейді

Астанада мектеп жетіспейді
ашық дереккөзі
Астанада жаңа оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беретін мекемелер жетіспейді. Қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин білім беру мекемелерінің жетіспеуіне демография мен көші-қон саласы себеп болып отырғанын мәлімдеді. Білім беру орындары жетіспеу мәселесін жою үшін күзде 480 орынды қамтитын екі мемлекеттік балабақша және Ұлттық компаниялармен жасалған келісімшарт негізінде салынған 720 орынды жекеменшік балабақша қолдануға берілмек. Қазіргі таңда 2019 жылы пайдалануға берілетін 1680 орындық алты балабақшаның құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Елордамызда бүгінгі таңда 95 жалпы білім беретін орта мектеп бар. Оның 84-і мемлекеттік болса, 11-і жекеменшік. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа келетін балалар саны 23 мыңнан асып отыр. Оқу жылының соңына дейін бес мектептің құрылысы аяқталып, алдағы уақытта салынатын 10 мектептің жобасы бекітілген. Алты мектеп салынып жатса, қалған төртеуінің құрылысы жыл соңына дейін басталмақ. baq.kz