Путиннің Абхазияға сапарын сынады

АҚШ Ресей президенті Владимир Путиннің жікшіл Абхазияға ресми сапарын сынады. Путиннің «Ресей жаулап алған грузин жеріне» сапары Женеваның 2008 жылғы Грузиядағы соғыс бойынша халықаралық талқылауларын бұзады, делінген Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде.

Мемлекеттік департамент Ресейді «Грузияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтеуге» және өз әскерін 2008 жылғы жанжалға дейін орналасқан жерге алып кетуге шақырды. Сонымен бірге АҚШ Мәскеуден Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздіктерін мойындауын қайта қарауын талап етті.

«Бес күндік соғыс» 2008 жылы 8 тамызда түнде басталды. Грузия бұл соғыста 412 адамнан айрылды, Ресейдің 67 жауынгері қаза тапты. Оңтүстік Осетия тәуелсіздігін жариялады. Ресейден бөлек, оның тәуелсіздіггін тағы үш мемлекет – Никарагуа, Венесуэла және Науру таныды. Тбилиси және батыс елдері бұл аймақты Грузияның бір бөлігі деп есептейді.

 

Back to top button