Алматы зообағына «Оңай» жүйесі арқылы кіруге болады

Алматы зообағына «Оңай» жүйесі арқылы кіруге болады

Алматы зообағына «Оңай» жүйесі арқылы кіруге болады
ашық дереккөзі
Алматы зообағына «Оңай» жүйесі арқылы кіруге болады. Алматы зообағының төлем жүйесі мен «Оңай» электрондық жүйесі біріктірілді. Енді келушілер зообаққа кіру ақысын «Оңай» арқылы төлеп кіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз төлем жүйесін «Оңай» жүйесімен біріктіруді аяқтадық. Енді «Оңайы» барларға билет сатып алу міндетті емес. «Оңайы» барлар енді артық ақша алып жүрмей «Медеу» сырғанағына, Алматы зообағына кіре алады. Жаңа терминалдар нысанға кіреберісте 8 тамыздан бастап іске қосылды», - деді Алматы зообағы директорының орынбасары Дана Егеубаева. Оның айтуынша, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Оңай» картасы арқылы төлем жасамайтын болады. Өйткені онда жеңілдік қарастырылмаған. «Жасы үлкен кісілер мен мүгедектер касса арқылы тегін өтетін болады»,- деді ол. Айта кету керек, осыған дейін «Оңай Pay» ЖШС өкілдері  аталған жүйені қалада таратуға ниетті екендігін бұрын айтқан болатын. Бүгінде «Оңай» картасы арқылы тек қана қоғамдық көлікте ғана жүріп қоймай, «Медеу» мұз айдынына, «НЕМО» дельфинарийіне кіруге болады.