Алматы түбінде ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Алматы түбінде ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Алматы түбінде ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Алматы түбінде шағын ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті. Ресми мәлімет бойынша, ұшақ апаты 10 тамыз күні таңертең Азем аэродромына жақын маңда болған. Tecnam 2002 ұшағы аэродромнан екі шақырым ұшып шығып, оқу-жаттығу тапсырмасын орындап жүрген кезде құлаған. "Апаттан ұшқыш инструктор мен курсант қаза тапты" делінген комитет хабарламасында. Қазір инвестиция және даму министрлігінің тергеу департаменті ұшақ апаты бойынша тергеу бастаған. Азем аэродромы Алматыдан 43 шақырым жерде орналасқан. Академияның акционерлік қоғам мәртебесі бар, оның акцияларының 89 пайызына мемлекет иелік етеді. Алматы маңында құлаған ұшақта кімдер болғаны анықталды. Қарасай аудандық әкімдігі хабарлағандай, «Технам-2002» ұшағында 40 жастағы ұшқыш С. Курченко мен 21 жастағы курсант Е.Әбішев болған. Олар оқу-жаттығу мақсатында ұшып шыққан. «С.Курченко Украина азаматы екен. Қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда өрт сөндірушілер, құтқарушылар, анықтау басқармасының мамандары бірігіп жұмыс жасауда», - деді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Сатубеков. ҚР ИДМ төтенше оқиғаға байланысты түсініктеме берді. «Алдын ала мәліметтер бойынша әуе кемесі енді ұшып бара жатып құлаған. Соның салдарынан ұшақ өртеніп, толықтай қирады. Оқиға кезінде онда екі адам болған. Олар: ұшқыш-нұсқаушы мен курсант. Екі адам да қаза тапты. Бүгінгі күні министрлік тарапынан аталған оқиғаны тексеру комиссиясы құрылды. Әуе кемесі апатқа ұшыраған жерде тексеру жүргізуге құзыреті бар өкілетті органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Тексеру қорытындысына сәйкес оқиғаның себептері көрсетілген ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарына жеткізілетін болады», - деді БАҚ өкілдеріне ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен қақтығыстарды тергеу департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов. Оның айтуынша, оқиға болған кезде ауа райы ұшақтың ұшуына қолайлы болған. Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында Алматыға жақын маңда «Технам 2002» ұшағы құлап, екі адам қаза тапқандығы туралы хабарланған болатын.