Моңғолия валюта қорын ұлғайтуға кірісті

Моңғолия валюта қорын ұлғайтуға кірісті

Моңғолия валюта қорын ұлғайтуға кірісті
ашық дереккөзі
Монгол Банк жасап шыққан «Монғол алтыны» бағдарламасы бойынша, ел үкіметі мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп мемлекеттің валюта қорын ұлғайтуы тиіс. «Монғол алтыны» бағдарламасы үш айға созылатын болады. Осы үш ай ішінде Монғол Банк ел халқына, мемлекеттік емес компанияларға елдің валюта қорын көбейту үшін алтын сатып алатындарын түсіндіреді. Естеріңізге салайық, шілде айында Монғолия президенті Халмаагийн Баттулга Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесу өткізген. Кездесу барысында қор өкілдері Халмаагийн Баттулгаға ел экономикасы жоғары көрсеткіштер көрсетіп тұрғанда валюта қорын ұлғайту керектігін айтып, кеңес берген болатын.