Бір жылда Грузияға 40 мыңнан астам қазақстандық сапарлайды

Бір жылда Грузияға 40 мыңнан астам қазақстандық сапарлайды

Бір жылда Грузияға 40 мыңнан астам қазақстандық сапарлайды
ашық дереккөзі
Жыл сайын Грузияға 40 мыңнан астам қазақстандық сапарлайды. Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев аталған ел қазақстандықтарды туризм бағытында қаншалықты қызықтыратыны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан азаматтары туризм жағынан алғанда Тбилиси мен барша Грузияны ұнатып отыр. Атап айтқанда, бұл ел бізден алыс емес, тілдік фактор жоқ әрі оларды түсіну оңай. Бір сөзбен айтқанда, Грузия көпшілікке ұнайды. Яғни демалыс тұрғысында Түркия немесе оның арғы жағындағы мемлекеттермен салыстырғанда арзанырақ. Өткен жылы Грузияға 35-45 мың қазақстандық барды. 2013 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен еді. Қазіргі кезде әуе рейстері артқандықтан, қазақстандықтар бұл елді кеңінен танып жатыр. Тбилисиден Астанаға сапарлаған кезде, барлық рейстер толық болғанына бір қуанып қаласың. Грузиндер Астанаға сапарлағанды жақсы көреді және үнемі елорданың сәулетіне таңданып жүреді. Әрине, екі елді салыстырғанда, сатып алу қабілеттігі мен жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша мүмкіндіктер әртүрлі», - деді ол ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында. Е.Ертісбаевтың сөзіне қарағанда, жыл сайын Грузияға 6 млн турист барады. Айта кетейік, Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы 2016 жылы 62,1 млн АҚШ долларын құрап, бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 8 пайызға кем болды. Елімізден негізінен мұнай және мұнай өнімдері, макрон өнімдері экспортталады, ал Грузиядан жаңғақ, минералды су, шарап тасымалданады.