Жаңалықтар

Сараланған тариф арқылы қоғамдық көліктер 100 млн теңгеден астам пайда тапты

ашық дереккөзі

Сараланған тариф арқылы қоғамдық көліктер 100 млн теңгеден астам пайда тапты

Алматыда сараланған тариф қолдана бастаған автопарктердің бір аптадағы табысы 103,6 млн теңгеге өсті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алматы көлік холдингі» ЖШС-і таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың 1-7 тамызы аралығындағы автопарктердің кірісі 260 млн 578 мың теңгеге жеткен. Бұл оның алдындағы апта яғни, 25-31 шілдедегі көрсеткішпен салыстырғанда 39,8 пайыз теңгемен есептегенде 156,941 мың теңгеге артық болған. Соңғы апта ішінде автобустардағы «Оңай» картасы арқылы жасалатын транзакция опрациялары 1 млн-ға артқан. Нақтырақ айтқанда, 2 млн 759 мың транзакция 1-7 тамыз аралығында 3 млн 937 мыңға жеткен. Қолма қол ақша төлеу 3 есеге азайған. Бұған дейін 1 млн 039 мың қолма қол ақша транзакциясы орындалса, соңғы аптада 307 274-ке дейін түскен. «Алматыда жолаушылар тасымалы саласында қоғамдық көліктерде әртүрлі баға тарифін енгізу қаржы айналымының тазалығын арттырды. Бұл қала бюджетіне түсетін кірістерді көбейтеді», - деді «Алматы көлік холдингі» ЖШС директоры Садыр Хамраев. Айта кетейік, Алматы қаласында 1 тамыздан бастап қоғамдық көліктерде әртүрлі баға тарифі енгізілді. Нақтырақ айтқанда, «Оңай» картасы арқылы төлем жасаушылар үшін баға бұрынғы 80 теңге болса, қолма-қол есеп айрысу 150 теңгеге жетті. «Оңай» картасы арқылы төлемде барлық жеңілдіктер қалдырылды.