Астана мектептерінде EXPO-ға байланысты сабақтар кейінге шегерілмейді

Астанадағы мектептерде EXPO-ға байланысты сабақтар кейінге шегерілмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова хабарлады.

Оның айтуынша, 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйекте өтеді. «Құрметті ата-аналар! Бірінші қыркүйек – Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйек күні өтеді. Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады», – деді Жазира Асанова. Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада EXPO-ға байланысты оқу жылы кеш басталуы мүмкін екені айтылған болатын. «Астана жайлы айтар болсақ, EXPO-2017 көрмесіне байланысты шын мәнінде жол-көлік желісінде жоғары қысым болуы мүмкін деген болжам бар. Елорданың білім басқармасы «Алғашқы қоңырауды» 1 қыркүйекте әдеттегідей өткізсе де, оқу жылын 12 қыркүйекте бастау туралы ұсыныс айтты», – деп түсіндірген еді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Back to top button