Instagram жаңа қызмет түрін қосады

9 тамыз, 2017 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Instagram жаңа қызмет түрін қосады Instagram жаңа қызмет түрін тестілеуден өткізіп жатқаны туралы мәлімдеді. Жаңа қызмет қонақты қосуға болатындай ортақ тікелей трансляция жасауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Газета.ru. "Тікелей эфирге шығу - достармен және жазылушылармен қарым-қатынас жасаудың қызықты форматы, алайда, бүкіл әлеммен бетпе-бет тұру адамды абдыратады. Жаңа қызмет қонақты өз трансляцияңызға қосуға мүмкіндік береді, ал көрермендер бұрынғысынша пікірлер мен лайктар қалдыра алады", - делінген ресми баспасөз баянында.  Әзірше бұл қызмет шектеулі ғана қолданушылардың пайдалануында. Ал бірнеше айдан кейін ол жалпылай қолжетімді болады