Алматыда соңғы 4 жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді

Алматыда соңғы 4 жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді

Алматыда соңғы 4 жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөзі
Алматыда соңғы 4 жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді - Сейсмология институты бүгін 9 тамызда таңғы уақытта Алматы мен Алматы облысының тұрғындары магнитудасы 4 балл болатын жер сілкінісін сезді. Мұндай жер сілкінісі соңғы рет 2013 жылы тіркелген екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Сейсмология институты" ЖШС директоры Анвар Боранбаев айтты. Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 5.28-де 4 балл жерасты дүмпулерін алматылықтар, талдықорғандықтар және Жаркент тұрғындары сезінген болатын. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта апаттан қандай да бір қиранды немесе зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеген. "Осыған ұқсас жерасты дүмпулері Алматыда 2011 жылы, ал кейінірек 2013 жылы тіркелді. Екі жағдайда да жер сілкінісінің магнитудасы шамамен 4-5 баллға тең болды", - деді Әнуар Боранбаев. Сондай-ақ, "Сейсмология институты" ЖШС директорының айтуынша, бұл магнитуда қалыпты деп саналады.  "Мұны "жойқын" жер сілкінісі деп айтуға болмайды", - деп түсіндірді Боранбаев. Оның айтуынша, алдағы аптада 6 балдан асатын жерасты дүмпуі бола ма, жоқ па - бүгін болжау комиссиясының отырысынан кейін 16.00-ден кейін белгілі болады.