Путин Абхазияның "тәуелсіздігі" мен "қауіпсіздігін" қолдады
Путин Абхазияның "тәуелсіздігі" мен "қауіпсіздігін" қолдады
Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Грузияның жікшіл аймағы саналатын Абхазияның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне Ресей кепіл болуға әзір.
Путин 8 тамызда Пицунда қаласында Абхазия басшысы Рауль Хаджимбамен кездесті. "Ең бастысы, біз Абхазияның дербестігі мен қауіпсіздігін, оның тәуелсіздігіне кепіл береміз. Солай бола беретініне сенімдімін", - деді Путин.
Грузияның сыртқы істер министрлігі Ресей президентінің бұл сапарын сынға алып, бұны "Грузия мемлекеттік шекарасын бұзу" және "Мәскеудің Грузияға қарсы саясатын жалғастыру" деп бағалады.
НАТО одағы Путиннің 2008 жылғы бес күндік соғысқа тоғыз жыл толған күні жікшіл Абхазияға жасаған сапарын сынады. Тоғыз жыл бұрын Мәскеу Абхазияның, сонымен бірге тағы бір жікшіл аймақ - Оңтүстік Осетияның "тәуелсіздігін" мойындады.
Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияға мыңдаған әскер қызметкерін орналастырған. Грузия билігі Мәскеуді және жікшілдерді соңғы бірнеше айда грузин аумағындағы жаңа учаскелерге бақылау орнатқаны үшін айыптады.