Сапарбаев: Ақтөбе ауасы зиянды қалдықтармен ластанған

Сапарбаев: Ақтөбе ауасы зиянды қалдықтармен ластанған

Сапарбаев: Ақтөбе ауасы зиянды қалдықтармен ластанған
ашық дереккөзі
Сапарбаев: Ақтөбе ауасы зиянды қалдықтармен ластанған. Биыл Ақтөбе қаласындағы кәсіпорындар ауаға 93,7 мың тонна зиянды қалдық шығарып, ластаған. Бұл туралы 8 тамыз күні облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды. "Ақтөбеде ауаны ластайтын 167 орта және ірі кәсіпорын бар. Соның тоғызы ауаны жүйелі түрде ластап отыр. Экологияға жауапты департаменттердің оларға нақты шара қолданбағанына бірнеше жыл болды. 20-30 мың теңге айыппұл төлеткізумен ғана шектеледі", - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. "Егер бақылаушы органдардың іс-шаралары нәтижелі болса, Ақтөбені жағымсыз иіс жайламаған болар еді, халық та наразы болмас еді. Бұл өте өзекті мәселе. Соңғы кездері экологияны жақсарту үшін түрлі іс-шаралар қолға алына бастады. Алайда әзірше нақты нәтиже жоқ". Ақтөбе облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұловтың сөзіне қарағанда, ақтөбеліктер көміртек оксиді, органикалық емес шаң-тозаң, азот тотығы, 2 пайыз күкірт диоксиді және тағы басқа зиянды қалдықтармен тыныстап отыр.