ЕҚЫҰ Қырғызстандағы сайлауға 350-ден астам бақылаушы жібереді

ЕҚЫҰ Қырғызстандағы сайлауға 350-ден астам бақылаушы жібереді

ЕҚЫҰ Қырғызстандағы сайлауға 350-ден астам бақылаушы жібереді
ашық дереккөзі
ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қырғызстандағы президент сайлауын бақылауға қысқа мерзімге 350 бақылаушы, ұзақ мерзімге 24 бақылаушы жібереді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, бұл жайында ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың Бішкектегі бағдарламасының кеңсесінде айтқан. ЕҚЫҰ-ға мүше елдерден баратын бақылаушылар Қырғызстан аумағындағы сайлау барысын бақылайды. Бұдан өзге, олар сайлау кезіндегі қырғызстандық БАҚ-тың жұмысын да қадағалайды. ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі өкілдігі Қырғызстан билігінің сұрауымен 2017 жылдың мамырынан бастап мәртебесін "ЕҚЫҰ орталығы" деген атаудан "бағдарламалық кеңсе" деп өзгерткен. Қырғызстанда президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.