Сирия келіссөздерінің жаңа раунды тамыздың соңында өтеді

Сирия келіссөздерінің жаңа раунды тамыздың соңында өтеді

Сирия келіссөздерінің жаңа раунды тамыздың соңында өтеді
ашық дереккөзі
Астана: Сирия келіссөздерінің жаңа раунды тамыздың соңында өтеді. Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің жаңа раунды Астанада тамыз айының соңында өтеді, деді Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Министрдің айтуынша, бұл күндері кепіл елдер – Ресей, Түркия және Иран Тегеранда бас қосып, жаңа раундтың күн тәртібін пысықтап жатыр. Өткен айда Ресей, Иран, Түркия дипломаттары Астанада екі күндік кездесуде "деэскалация аумақтарының" түпкілікті ерекшеліктері төңірегінде келісе алмады. Бұл аймақтар соғыстан әлсіреген Сирия аудандарында Ресейдің бастамасымен құрылып жатыр. Ресей Сирия президенті Башар Асад әскеріне көмектесіп отыр, Иран да Асадтың оппозициялық күштерге қарсы күресін қолдайды. Түркия болса оппозициялық күштердің бір бөлігіне көмектеседі. Өткен аптада Ресейдің қорғаныс министрлігі сириялық оппозициямен қауіпсіздік аумақтарын құру туралы уағдаласқанын мәлімдеді.