АҚШ-та Қар адамын атуға тыйым салынды

АҚШ-та Қар адамын атуға тыйым салынды

АҚШ-та Қар адамын атуға тыйым салынды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатының полицейлері «Қар адамын» атуға ресми түрде тыйым салды, деп хабарлайды FOX News. Штат тұрғындарына бағытталған үндеу Макдауэлл графтығында «Қар адамы» пайда болған кезекті «оқиғадан» кейін жарияланды. Айта кетейік, 2015 жылы жарық көрген видеоны қоса есептегенде, аталған жаратылыс иесімен кездесу жайлы хабарлама бұл графтықтан жиі келіп түседі. Жергілікті полиция «Қар адамының» өмір сүретіндігін нақтылайтын дәлел жеткіліксіз екендігін мәлім етті. Дегенмен штат тұрғындарының тіршілік иесіне оқ атуына тыйым салды. Өйткені, ол небәрі горилланың киімін киген адам болуы әбден мүмкін.