Жаңалықтар

Министр теңгенің құнсыздануын түсіндірді

ашық дереккөзі

Министр теңгенің құнсыздануын түсіндірді

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің неліктен бірден құлдырап кеткенін түсіндірді деп хабарлайды 7kun.kz. «Ресей рубліне қарайтын болсақ, ол айтарлықтай бірқалыпты болды. АҚШ-тың заңнамалық процесі біздікіне ұқсас, алдымен өкілдер палатасы, кейін сенат, ең соңында мемлекет басшысы қол қояды. Сондықтан бұл біздің нарықтағы жағдай соңғы оқиғаға — Трамптың қол қоюнан кейінгі әсері. Ресей заңнамаға қол қойылатынын болжап отырды, сондықтан олар дайындалды», — дейді министр. «Сондықтан Ресей валютасы бір рубльге ғана өзгерді, ал біздікі екі есеге — 10-11 теңге. Меніңше, бұл кешігіп көрінген кері әсер. Қазір жағдай тұрақталды. Ал негізінен макроэконмикалық тұрғыда ештеңе өзгерген жоқ. Сондықтан түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ, бізде бәрі жақсы. Біздің жарты жылдықтағы көрсеткішіміз жақсы, мұнайымыз жақсы, металдарымыз да жақсы, бізге осылар көбірек әсер етеді», — дейді Тимур Сүлейменов. Еске салсақ, 28 шілдеде теңге мұнай бағамымен бірге нығаю орнына 326,48 бағамында тұрды. 31 шілдеде Қазақстанның ұлттық валютасы 1,33 теңгеге әлсіреді. Осыдан кейін ҚР ұлттық валютасы бір доллар үшін 339 теңгеге дейін құлдырады. Алайда кейін жағдай тұрақтанды.