"Қыстың қамын жаз ойла"

"Қыстың қамын жаз ойла"

"Қыстың қамын жаз ойла"
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында қысқа дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 2677 мекемеге 102 мың тонна қатты отын жеткізілген. Бұл туралы Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат. Басқарма басшысының сөзінше, облыстағы 3209 бюджеттік мекемелердің алдағы жылу маусымына дайындығы 83 пайызды құраған. «Бүгінге дейін білім саласына қажетті 134 мың тонна қатты отынның 72,5 мың тоннасын, денсаулық сақтау саласына қажетті 27,5 мың тоннаның 25,5 мың тоннасын, мәдениет саласына 422 тн, спорт саласына 1,7 мың тн, жұмыспен қамту саласына 1,7 мың тн. қатты отын жеткізіп үлгердік. Сол сияқты облыстағы бюджеттік мекемелерге қажетті сұйық отын көлемі 5,8 млн литр болса, бүгінгі күнге тасымалданғаны 2,6 млн литр, яғни, жұмыстар 45%-ға орындалды. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге қажетті қатты отын (көмір) көлемі 106,014 мың тонна, тасымалданғаны 16 мың тн. (15%). Қазіргі кезде тек қана «КентауСервис» МКК тасымалдануда. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады», - деді Марғұлан Марайым. Сонымен бірге, баспасөз жиынында басқарма басшысы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің жайына да тоқталды. Айтуынша, осы жылдың 1 қарашасына дейін 2327 көпқабатты тұрғын үй орталық қазандыққа қосылуы тиіс. Әзірге, 1150 тұрғын үй жылу беруге дайын болса, мұның үлестік салмағы 49 пайызға тең. Сала мамандары «Нұрлы жол» бағдарламасы және облыстық бюджет қаржысы арқылы орталықтандырылған жылу құбырларының 31 шақырымын (барлығы 58,3 шқ.) қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізген. Ал орталықтандырылған ауыз су құбырларын қайта құру жұмыстарына келсек, жөндеуден өтуі тиіс 75,3 шақырым су құбырының қазіргі таңда 50,4 шақырымы (67%) жұмысқа сақадай сай. Жұмыстарды аяқтау қазан айының 15-не жоспарланып отыр.