Үндістанда доңыз тұмауы ушығып тұр
Үндістанда доңыз тұмауы ушығып тұр
Дертке шалдыққан тұрғындардың басым бөлігі елдің батыс аймағында орналасқан. Үндістанның батысындағы Махараштра штатында доңыз тұмауына шалдыққандар санының күрт өскендігі анықталды. Бұл жайлы NDTV телеарнасы хабарлайды.
Жыл басынан бері 2324 адамның аталған дертке шалдыққандығы тіркелді, ал 284 адам қаза тапқан. Сонымен қатар, биылғы жылдың шілде айына қарай H1N1 вирусы шамамен 600 адамның өліміне себеп болған. Махараштра штатында қайтыс болғандар саны аталған тұмаудың салдарынан бүкіл Үндістанда көз жұмғандардың 50 пайызын құрады.
Әсіресе Мумбайдағы жағдай медицина қызметкерлерінің алаңдаушылығын тудырып отыр. Мұнда былтырғы жылы H1N1 вирусымен ауырған небары үш адам тіркелсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 835-ке жеткен, 16 адам қаза тапты.
Net тілшісінің мәлімдеуінше, бұған дейін БҰҰ-ына Йемендегі 400 мың адамның тырысқақ ауруына шалдыққандығы туралы төтенше жағдай хабарланған болатын. Оның үстіне елді жаппай аштық жайлаған.