Биыл 517 кооператив құрылды

Биыл 517 кооператив құрылды

Биыл 517 кооператив құрылды
ашық дереккөзі
Биыл Үкімет қолдауымен 53,5 мыңнан астам ӨҚШ қамтыған 517 кооператив құрылды Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановтың өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы есебі тыңдалды деп жазады Егемен Қазақстан. Қайрат Айтуғанов биыл Бағдарламаны іске асыруға төмендегі қаражаттардың қарастырылғанын айтты: 27,1 млрд теңге – шағын несиелендіруге бюджеттік несие; 2,8 млрд теңге – шағын несиелерді кепілдендіру; 418 млн теңге – ХҚҰ операциялық шығындарын субсидиялау. Бұдан өзге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капиталы ауыл шаруашылығы кооперацияларын шағын несиелендіру үшін 25,4 млрд теңгеге толықтырылды. Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 53,5 мыңнан астам ӨҚШ қамтыған 517 кооператив құрылды, солардың ішінде 173 кооператив сүт дайындау, 281 кооператив ет өндіріп, дайындау бойынша, 41-і жеміс-көкөніс өсіру, 22-сі жүн, шұбат өндіру, құс етін, бал өндіру, бақ шаруашылығы мен тауарлы балық шаруашылығы бойынша құрылды, сонымен қатар 30 573 ірі қара малға арналған 1 835 отбасылық бордақылау алаңы ашылды.