Ресейлік спорт журналисі: қазақ футболының Ресей футболынан айырмасы жоқ

Ресейлік спорт журналисті және видеоблогер Юрий Дудь Tengrinews.kz тілшісімен қазақстандық спорт, өзінің шоуы, есірткіге көз қарасы туралы сұхбаттасып, қазақ қыздарына ғашық екенін айтты.

Видеоблогердің сөзінше, Қазақстандағы футболдың сыбайлас жемқорлық пен ұйымдастыру жағынан Ресей футболынан айырмасы жоқ – «тым нашарлығымен ұқсас». Сонымен бірге, Дудяның пікірінше, Қазақстан музыкалық шығармашылық жағынан ерекшеленеді, әсіресе хип-хоп бағытында. Әрине ақша мәселесі де айтылды. Әдетте ол өз қонақтарына осы сұрақты жиі қояды. Юрий Дудь алда сұхбат алмақ адамдар қатарында кемінде үш қазақстандық барын айта кетті.

30 жастағы Юрий Дудь бірнеше спорт басылымында және телевидениеде қызмет етті. 24 жасында Sports.ru журанлының бас редакторы боды. GQ «Жыл адамы – 2016» премиясының жеңімпазы. Дегенмен ол YouTube арнасындағы «вДудь» шоуы арқылы көбірек танымал болды.

Back to top button