Қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Қоқыс жәшігінен нәресте табылды
ашық дереккөзі
Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, - деп хабарлайды Alau.kz. Оқиға 2 тамызда болған. "Қазір біздің ауладағы барлық тұрғындарынан сұрау алып жатыр, пәтерлерді аралап жүр, жүкті болып, үйінде жатқан әйелдер туралы сұрастырды. Мұның барлығы сөзсіз сұмдық жағдай", - дейді аудан тұрғыны Татьяна Нечяева. Осы деректі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өілдері растады. Полицейлер нақты мәліметтерді сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін жариялайтындарын мәлімдеді.