Жаңалықтар

Геннадий Головкин P4P рейтингінде көш бастады

ашық дереккөзі

Геннадий Головкин P4P рейтингінде көш бастады

Геннадий Головкин P4P рейтингінде көш бастады. TheSweetScience.com сайтының журналисі Мэтт Анджеевски салмақ дәрежесінен тыс (pound-for-pound) әлемнің үздік үш боксшысының есімін атады. «Мен Флойд Мэйвезер өз мансабын аяқтағандықтан, оған баға бермеймін. Василий Ломаченко - Геннадий Головкиннен кейін менің тізімімде екінші орында. Теренс Кроуфорд - үшінші», - деп жазды Анджеевский Твиттердегі парақшасында. Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) айқасады.  1XBET букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекке қатысты келесідей коэффициенттер ұсынады: Головкин жеңісі - 1.68, Альварес жеңісі - 2.56, тең түсу - 23.