Геннадий Головкин P4P рейтингінде көш бастады

Геннадий Головкин P4P рейтингінде көш бастады. TheSweetScience.com сайтының журналисі Мэтт Анджеевски салмақ дәрежесінен тыс (pound-for-pound) әлемнің үздік үш боксшысының есімін атады.

«Мен Флойд Мэйвезер өз мансабын аяқтағандықтан, оған баға бермеймін. Василий Ломаченко – Геннадий Головкиннен кейін менің тізімімде екінші орында. Теренс Кроуфорд – үшінші», – деп жазды Анджеевский Твиттердегі парақшасында. Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) айқасады.  1XBET букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекке қатысты келесідей коэффициенттер ұсынады: Головкин жеңісі – 1.68, Альварес жеңісі – 2.56, тең түсу – 23.

Back to top button