11 қыркүйек құрбаны 16 жылдан кейін анықталды

11 қыркүйек құрбаны 16 жылдан кейін анықталды

11 қыркүйек құрбаны 16 жылдан кейін анықталды
ашық дереккөзі
11 қыркүйек құрбаны 16 жылдан кейін анықталды. 2001 жылдың 11 қыркүйегі күні Дүниежүзілік сауда орталығына шабуыл салдарынан қаза тапқан бір ер адамның кім екендігі 16 жылдан кейін анықталды, деп хабарлады сейсенбі күні BBC News.  Медицина қызметкерлері мерт болған азаматтың тұлғасын ДНҚ арқылы жаңа технологиялардың көмегімен анықтады. Бірақ ол туралы ақпараттар әзірге туысқандарының өтініші бойынша жарияланбай отыр. Осы уақытқа дейін ғимараттың құлауы кезінде ажал құшқан 1112 адамның тұлғасын анықтау мүмкін болмай келген, бұл теракт құрбанына айналғандардың (2753) жалпы санының 40 пайызын құрайды. Еске сала кетсек, лаңкестік ұйымдар бағыттаған екі жолаушылар ұшағының соғуынан кейін Дүниежүзілік сауда үйлерінің екі бірдей мұнарасы қираған болатын. Тағы бір ұшақ Пентагон ғимаратына соғылған. Сол күні шамамен үш мың адам қаза тапты.