Трамп "грин-карта" беру ережесін өзгертуді ұсынды

Трамп "грин-карта" беру ережесін өзгертуді ұсынды

Трамп "грин-карта" беру ережесін өзгертуді ұсынды
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп "грин-карта" алудың ережесін өзгертуді ұсынды. Ол екі сенатормен бірге The RAISE деп аталатын заң жобасын әзірлегенін мәлімдеді. Онда Құрама Штаттарда тұруға мүмкіндік алатын лотереяны алып тастау көзделген. Трамптың ұсынған жүйесі бойынша, "грин-картаны" ағылшын тілін жақсы білетіндер мен табысы жоғары мигранттарға және АҚШ-та сұранысқа ие мамандық өкілдеріне береді. Президент қазіргі жүйені сынға алды. Оның сөздерінше, бұл Құрама Штаттарға табысы төмен мигранттардың ағылуына әкелген. Олардың бәріне Америка әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр дейді. АҚШ-та тұрақты тұруға мүмкіндік алу жүйесі 1990 жылы қабылданған. Қазіргі ереже бойынша, лотерея арқылы "грин-карта" беріледі. Оған АҚШ-тағы әлеуметтік деңгейі төмен мигранттар қатысады. Жыл сайын бұл жүйе бойынша 50 мың адам Америкада тұрақты тұруға мүмкіндік алады.