Жаңалықтар

Сауапты істер мешіт салумен шектелмейді

ашық дереккөзі

Сауапты істер мешіт салумен шектелмейді

 Сауапты істер мешіт салумен шектелмейді. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев сауапты іс жасауды тек қана мешіт салу деп түсінетіндерді сынға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. «Еліміздегі көптеген ауқатты бизнесмендер «сауапты істер» жасауға жиі ниет білдіреді. (...) Олардың кейбіреуі тек мешіт салуды ғана «сауапты іс» деп санайды да, бейберекет мешіт тұрғыза бастайды. Әрине, қажеттілік бар жерде мешіт салынуы керек. Бірақ, дін жолында «сауапты іс» жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады», - деді Н.Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Министр адамдардың өз еркімен ақшалай немесе мүліктей қайырымдылық жасай алатынын, тек мұның барлығы өркениетті және тиімді жолға қойылуы тиістігін баса айтты. «Меценаттарды тиісті жағдаймен, тиісті мүмкіндікпен қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы қайырымдылық шаралары ашық және қоғам үшін пайдалы болуы керек», - деп өз сөзін түйіндеді министр.