Жаңалықтар

Астана соты "әуежайда діни әдебиет сатқаны үшін" айыппұл салды

ашық дереккөзі

Астана соты "әуежайда діни әдебиет сатқаны үшін" айыппұл салды

Көліктегі прокуратура сотпен Астана әуежайындағы діни әдебиеттер сататын орынды жаптырды деп хабарлады бүгін көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттік. Департамент ақпаратына қарағанда, әуежайдағы кітап бутиктерінің бірінде "діни мазмұндағы кітаптар сатылатыны анықталған". "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңға сай, діни әдебиеттер мен діни заттарды культтік мекемелерде, діни білім беру ұйымдарында және жергілікті атқарушы органдар бөлген арнайы орындарда ғана сатуға болады. Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты сауда орнының иесін діни әдебиеттерді тарату туралы заң талабын бұзды деп айыптап, 200 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 453 мың теңге) көлемінде айыппұл салып, "Бизнес-литература" сауда орнының қызметін уақытша тоқтатқан