Би фестивалінде 77 адам уланып қалды
Би фестивалінде 77 адам уланып қалды
Би фестивалінде 77 адам уланып қалды. Baikal Dance Camp би фестивалі өтіп жатқан Бурятиядағы Кабан ауданы аумағындағы туристік базада 66 бала және 11 ересек адам уланып қалды. Бұл жайлы 3 тамыз, бейсенбі күні Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланды.
«2017 жылдың 3 тамызы күнгі сағат 8.00-дегі (жергілікті уақытпен 3.00) жағдай бойынша улану белгілері бар 77 адам ауруханаларға жеткізілді. Олардың 66-сы балалар, 11-і ересектер. Емделушілердің қазіргі жағдайы бір қалыпты, өмірлеріне төнген қауіп жоқ», - делінген хабарламада. Аурудың шығу себебін анықтау мақсатында азық-түлік, су және қоршаған орта нысандарынан сынамалар алынып, ас әзірлеу бөліміндегі қызметкерлер тексеруден өтті. Туристік нысан қызметі уақытша тоқтатылды, ал материалдар сотқа жіберілді.