«Халық банк» күдік тудырған 3 млн теңге несие туралы түсінік берді
«Халық банк» күдік тудырған 3 млн теңге несие туралы түсінік берді
Таңертеңнен бері «Халық банкінен» кепілсіз 3 млн теңге несие беру туралы ұсыныс көпшіліктің таңғалысын тудырды. Нақтырақ айтқанда, Интернетте әлеуметтік желі пайдаланушылары кепілсіз 3 млн теңге несие банк тарапынан мақұлданғаны туралы СМС хабарлар келгенін жарыса жазды. «Бұл жарнамалық ұсыныс еді. Ондағы мақсат клиенттерді «Халық банктен» несие алуға тарту болатын. СМС хат несие мақұлданғанын білдірмейді», - деді бұл мәселеге қатысты «Халық банкінің» PR және маркетинг департаментінің басшысы Әсел Тынышбекова. Адамдар СМС хаттардың бейтаныс нөмерден келгеніне күманданып, алаяқтардың ісі деп ойлағанын жасырмады. «Халық банк» жақында клиенттеріне кепілсіз 3 млн теңге несие ресімдеу туралы СМС хабарламалар жібергенін растайды. «Halyk Bank» СМС хабарламалар жіберген нөмір банктің меншігінде. Бұл нөмірден СМС хабарламалар бірінші рет жіберіліп тұрғандықтар клиенттер күдіктенген», - дейді Әсел Тынышбекова.