Сот "Новая газетаның" өзбек журналисін депортациялауға шешім шығарды
Сот "Новая газетаның" өзбек журналисін депортациялауға шешім шығарды
Басман аудандық сотының судьясы Артур Карпов "Новая газета" журналисі Әли Ферузды (Худоберды Нұрматов) "шекарадан күшпен шығару арқылы" елден депортациялау туралы шешім шығарды. Бұған қоса, Ферузға 5 мың рубль айыппұл салынды. Бұл туралы "Новая газета" тілшісі Екатерина Фомина хабарлады.
Осылайша сот шетел азаматтарының Ресей аумағында жүріп-тұру тәртібін бұзғаны үшін журналисті ұстаған полицияның әрекетін қостады. Полиция қызметкерлері журналист Феруз 2011 жылдан бері Ресей аумағында заңсыз жүрген деп есептейді.
"Новоя газета" журналисі Елена Костюченконың хабарлауынша, Ферузды Мәскеудегі музыкалық мектепке жақын маңда ұстаған. Әлиосы мектепте вокал сабағын алып жүрген.
Полиция журналистің кім екенін анықтау үшін бөлімшеге алып барғанын мәлімдеді.
Сегіз жыл бұрын журналист Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болған, өйткені жергілікті арнайы қызмет оны өздері үшін жұмыс істеуге үгіттеген. Феруздың айтуынша, арнайы қызметтегілер оны екі күн бойы қинап, оның жүкті әйелін өлтіреміз деп қорқытқан. Содан кейін ол елден қашып кетті. Маусым айында журналист ресейлік биліктен баспана ала алмағанын хабарлады.