Жаңалықтар

Қырғызстанда президенттікке 11 үміткер бұрын қылмыстық жауапқа тартылған

ашық дереккөзі

Қырғызстанда президенттікке 11 үміткер бұрын қылмыстық жауапқа тартылған

Қырғызстанда президенттік сайлауға қатысуға ниетті 11 үміткер бұрын қылмыстық жауапқа тартылған, солардың жетеуі сотталған. Бұл туралы 1 тамызда Орталық сайлау комитетінің төрағасы Нұржан Шайлдабекова хабарлады. Оның айтуынша, үміткердің бірі алаяқтық жасағаны үшін екі мәрте сотталған, бірақ жазасын өтеп шыққан. "Біздің заңдар либералды болғандықтан, жазасын өтеп шыққандар президенттікке үміткер атана алады. ОСК заңмен жұмыс істейді", - деді Шайлдабекова. Оның айтуынша, президенттікке үміткер 59 адамның жетеуі әйел. Сегіз үміткер мемлекеттік қызметте, жетеуі - коммерциялық ұйымдарда, 29-ы ө коммерциялық емес ұйымдарда істеді. Тоғыз үміткер уақытша жұмыссыз, алтауы - зейнеткер. ОСК президенттікке үміткерлерді тіркеу үшін құжат қабылдауын аяқтады.