Түркияда бүлікке қатысты іс бойынша 500 адам сотталып жатыр
Түркияда бүлікке қатысты іс бойынша 500 адам сотталып жатыр
Түркияда шамамен 500 адам бүлікке қатысты іс бойынша сотталып жатыр. Түркияда өткен жылғы бүлікке қатысы бар деген айыппен ұсталған 500-ге жуық адамды соттап жатыр. 1 шілдеде Анкараға жақын маңда арнайы тұрғызылған ғимаратта сот басталды.
486 сотталушы өмірлік бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Тағылған айыптардың арасында түрік президенті Режеп Ердоғанның өміріне қауіп төндірді деген айып та бар. Іс материалдарында Акинчи әуе базасы туралы айтылады. Түркия үкіметінің мәліметі бойынша, бұл базаны бүлікшілер штаб-пәтер ретінде пайдаланған.
АҚШ-та тұратын дін уағыздаушы Фетхуллах Гүлен бұл істе басты айыпкер ретінде қарастырылды. Гүленнің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарады.
2016 жылы маусым айында Түркияда болған бүліктен шамамен 250 адам қаза тапты.