Жаңалықтар

Зейнолла Самашев Берел қорғанында табылған тарихи жәдігерге қатысты түсінік берді

ашық дереккөзі

Зейнолла Самашев Берел қорғанында табылған тарихи жәдігерге қатысты түсінік берді

Зейнолла Самашев Берел қорғанында табылған тарихи жәдігерге қатысты түсінік берді. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы Берел қорғанында табылған тарихи жәдігерге қатысты сол орында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан экспедициялық топтың жетекшісі Зейнолла Самашев түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Берел қорғанында табылған жәдігерді «Алтын адам» деудің қажеті жоқ. Бұл туралы ақпарат асығыс тарап кеткен болуы керек. Біз зерттеп жатқан орын ежелгі тоналып кеткен қорған болатын. Соның ішінен ежелде өмір сүрген әйел адамның бас киімінің қалдықтары табылды. Тоны, белбеуінің қалдықтары сақталып қалыпты. Әбзелдерімен бірге екі аттың қалдықтары табылды. Әлі қазба жұмыстары аяқталған жоқ», - дейді Зейнолла Самашев. Археологтың айтуынша, қалдықтары табылған ақсүйек әйел біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдың басы - ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген болуы мүмкін. Айта кетерлігі, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топ 22 мамырдан бастап Берел қорғанында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазба жұмыстарына Өскемен, Семей, Алматы, Астана қалаларынан студенттер жұмылдырылған.