Қытай Солтүстік Кореяның ядролық сынағына АҚШ жауапты деді

Қытай Солтүстік Кореяның ядролық сынағына АҚШ жауапты деді

Қытай Солтүстік Кореяның ядролық сынағына АҚШ жауапты деді
ашық дереккөзі
Қытай Корей түбегіндегі жағдайдың ушығуына Бейжің емес, Вашингтон мен Пхеньян жауапты деп есептейді. Бұл жөнінде БҰҰ жанындағы Қытайдың тұрақты өкілі Лю Цзеи мәлімдеді деп хабарлайды Reuters. Лю Цзеи бір ғана Қытайдың әрекеті нәтиже бермейді, аймақтағы жағдайдың реттелуіне АҚШ пен Солтүстік Кореяға да байланысты деп мәлімдеді. Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның экономикалық серіктесінің бірі Қытайды сынға алып, Пхеньянның ядролық сынақтарына тосқауыл қойып отырған жоқ деген еді.