Қырғызстанда президент болғысы келетіндер саны 59-ға жетті
Қырғызстанда президент болғысы келетіндер саны 59-ға жетті
31 шілдедегі мәлімет бойынша, президент сайлауына қатысқысы келетіндер саны 59-ға жеткен.
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметі бойынша, саяси партиялар атынан президенттікке 11 адам ұсынылса, өзін өзі ұсынғандары саны - 48 адам. Өзін-өзі ұсынғандардың ішінде «Ата Мекен» партиясының лидері, коррупциямен айыпталып қамауда отырған Өмірбек Текебаев пен экс-депутат Садыр Жапаров бар.
Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. 31 шілде үміткерлердің өтінішін қабылдаудың соңғы күні.
ОСК президенттікке кандидаттардың нақты тізімін 10 қыркүйекте шығарады.