Түркияда екі күнде 5 ресейлік турист қайтыс болды

Түркияда екі күнде 5 ресейлік турист қайтыс болды

Түркияда екі күнде 5 ресейлік турист қайтыс болды
ашық дереккөзі
Түркияда екі күнде 5 ресейлік турист қайтыс болды. Өткен демалыс күндерінде Түркияның түрлі курорттарында 5 ресейлік турист қайтыс болған. Бұл туралы Ростуризм-нің баспасөз қызметі Ресей Сыртқы істер министрлігінің дағдарыс орталығының мәліметтеріне сүйене отырып хабарлады, дап жазды Риа Новости. Марқұм болғандардың 4-уі шомылып жүріп көз жұмған, олардың кейбірінің денсаулығы нашар болған. Ведомство өкілдері туристік бағытты таңдауда демалатын аймақтың ауа райы ерекшеліктерін назарда ұстау қажеттігін және ыстық ауа райының денсаулыққа қала әсер ететінен алдын ала біліп алу қажеттігін айтты. Осыған дейін IHA агенттігі 36 жасар Оксана Астафееваның Кемере курортында теңізде шомылып жұрген кезінде тынысының тарылып қайтыс болғандығын хабарлаған. Марқұм болған әйелдің денсаулығы суда нашарлай бастаған және ол қажетті дәріні өзінің тұрып жатқан бөлмесінде қалдырып кеткен. Milliyet басылымының мәліметтері бойынша, сенбі күні Түркияда тағы екі ресейлік турист қайтыс болды.Олардың бірі 56 жасар Александр Шевченко Манавгат курорты маңында суға батып кеткен. Ер адам ауруханаға бара жатып көз жұмған. Екінші 47 жасар Татьяна Логинова осы курорттың қонақүйлерінің бірінде жүрек талмасынан қайтыс болды.