"Қорғас" ШЫХО аумағында астыртын жұмыс істеген казино әшкереленді

"Қорғас" ШЫХО аумағында астыртын жұмыс істеген казино әшкереленді

"Қорғас" ШЫХО аумағында астыртын жұмыс істеген казино әшкереленді
ашық дереккөзі
 "Қорғас" ШЫХО АҚ аумағында астыртын жұмыс істеген казиноның әрекетіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық Мырзахан. "2017 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері "Қорғас" ШЫХО аумағында астыртын жұмыс істеген казиноны әшкереледі", - деді Жақсылық Мырзахан. Жедел-тергеу шаралары барысында Алматы облысы Панфилов ауданы "Қорғас" ШЫХО АҚ аумағындағы екі қабатты ғимаратта азарттық ойындарға арналған арнайы үстелдер табылып, тәркіленді. Қолма-қол ақшаны есептейтін 2 аппарат, қолма-қол жасалмайтын төлемдерге арналған 3 POS-терминал табылып, тәркіленді. "Казиноның ішіне көбінесе өздерінің таныс клиенттері ғана кіре алған. Видеобақылау камералары ғимараттың ішінде де, сыртында да орнатылған. Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігі бойынша ("Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің өкілдері.