Жаңалықтар

Астанада Жастар күні қарсаңында «Жасампаздық энергиясы» атты конференция өтеді

ашық дереккөзі

Астанада Жастар күні қарсаңында «Жасампаздық энергиясы» атты конференция өтеді

Астанада 7-13 тамыз аралығында жастармен жұмыс жүргізу тәсілдерін қалың көпшілік арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Жастармен жұмыс аптасы» жобасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Аталмыш шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырмақ. Жоба аясында 7 тамызда сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында «Жасампаздық энергиясы» конференциясы өтеді. Оған түрлі ұйымдар мен жастар ресурстык орталығының, жастар ұйымдарының өкілдері мен «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің еріктілері қатысып, жастардың өзін-өзі дамыту бағытындағы жобаларымен таныстырады. Ұйымдастырушылар атап өткендей, конференция форматына сәйкес әр спикер 15 минутта өзінің идеясымен таныстырып, жастармен жұмыс тәжірибесімен бөліседі. Таныстырылым аяқталған соң, көрермендер өздерін толғандырған 3 сұрайқ қоя алады және пікірлерін де ортаға салады. Осылайша өзара тәжірибе және білім алмасады. Конференция қорытындысы бойынша жиын барысында айтылған ұсыныстар мен ақыл-кеңестер, сарапталып, кейін ұйымдастырушылар мен спикерлерге жіберіледі.