Сеул қоқыстың 65 пайызын қайта өңдейді

Сеул қоқыстың 65 пайызын қайта өңдейді

Сеул қоқыстың 65 пайызын қайта өңдейді
ашық дереккөзі
Сеулде қоқыстың 65 пайызы қайта өндеуге жіберіледі. Көпқабатты үйлердің ауласында қалдықтарды сұрыптап салуға арналған бірнеше контейнер орнатылған. Ал қоқысты басқа жәшікке лақтырғандарға үлкен көлемде айыппұл салынады. Жалпы бұл саясат қаншалықты тиімді және онан қоршаған ортаға келер пайда бар ма?Бұл туралы Хабар24 жазды. Сеул тұрғындарының пәтерлерінде қоқыс салуға арналған дорбалардың бірнеше түрі болады. Сәйкесінше қоқыстар: қағаз, пластик, полиэтилен, тағам қалдықтары деп бөлек-бөлек салынады. Ал көпқабатты үйлер ауласында қалдықтар салуға арналған он шақты контейнер орнатылған. Олар тәулік бойы консьерждың бақылауында. Егер қоқысты сұрыптамай, басқа жәшікке лақтырсаңыз, елуден екі жүз долларға дейін айыппұл төлейсіз. Қала тұрғындары тағам қалдықтарын шағын контейнерлерге тастайды. Олар қақпақпен жабылады, сондықтан жағымсыз иісі шықпайды. Осындай қалдықтардан Кореяда тыңайтқыштар немесе малға жем өндіріледі. Чой Гю Донг, Cеул қаласының қоқысты қайта өндеу саясаты жөніндегі бөлімнің бастығы: – Күніне Сеул тұрғындары 9 мың 400 тонна тонна қоқыс шығарады. Оның 65 пайызы қайта өңделеді, қалғаны өртеуге немесе көмуге жіберіледі. Сеулдың төңірегінде он шақты шағын қоқыс өңдеуші зауыт бар. Олар түрлі мекемелерден және тұрғындардан ескі пластик пен пластмасса заттарын сатып алады. Сосын қайта өңдеп, басқа химиялық зауыттарға сатады. Ли Тхэк Чун, қоқыс өндеуші зауыттың директоры: – Қаптағыш материалдан, пластиктен шикізаттың екі жүз түрін алуға болады. Тәулігіне біз жеті-он тонна қоқысты қайта өңдейміз. Қымбат керамикалық және металл шұңғылша мен ваннаны Кореяда осындай арзан пластмассалы аналогтармен алмастырады. Олар тұрмыстық қалдықтардан жасалған. Яғни Сеул тұрғындары бұрын қоқысты жерге көміп тастайтын болса, қазір екінші рет пайдаланып отыр. Осындай саясаттың арқасында соңғы жиырма жылдың ішінде тұрмыстық қоқыстың көлемі қырық пайызға азайды.