Тайваньдағы дауылдан 100-ден аса адам зардап шекті

Тайваньдағы дауылдан 100-ден аса адам зардап шекті

Тайваньдағы дауылдан 100-ден аса адам зардап шекті
ашық дереккөзі
 Тайваньда «Несат» тропикалық дауылынан 100-ден астам адам зардап шекті. Ауа райын болжау қызметі табиғат апатының тағы да қайталануы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды БЕЛТА. Табиғаттың тосын мінезінен 520 мың үй жарықсыз қалған. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелер мен мектептер жабылып, аралдардан ұшатын әуе рейсі кейінге шегерілді. Мұндай дауыл соңғы 50 жылда алғаш рет қайталанып отыр. Сондай-ақ тұрғындар желмен бірге келген нөсерден лай көшкіні жүріп, таулы аймақтағы ауылдар байланыссыз қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Ал ұйытқыған жел сағатына 180 км/с соғып тұр. Көптеген аудандарды су басты. Апаттан елдің 12 мың тұрғыны қауіпсіз аумаққа көшірілді. Оған 9 мың әскер жұмылдырылды.