31 Шілде 2017, 10:38 339 0 Қоғам Ақниет ОСПАНБАЙ

Жамбылда шомылу маусымы басталғалы 30 адам суға кеткен

Жамбылда шомылу маусымы басталғалы 30 адам суға кеткен. Оның 19-ы - бала. Қазір өңірде 43 градус ыстық. Аптап ыстықта салқындағысы келгендердің көбі жабайы жағажайларға түскендер. Ал Төтенше жағдайлар комитеті ел бойынша қайғылы статистиканы жариялады.

Оңтүстікте ыстықтан естері шығып, дәрігер шақыртқандар да аз емес. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады. Аймақта ыстық ауа райы бірнеше күннен бері сақталып тұр. Басынан күн өтіп, қан қысымы көбейгендер көп. Дәрігерлер шақыртудың көбейгенін айтып отыр.

Жалпы, Жамбыл жеріндегі 100-ге жуық өзен-көлдерде шомылуға тиым салынған. Облыста құтқару қызметі қатаң бақылайтын тек 3 қана көл бар. Соның бірі осы Тараздағы Зербұлақ. Мұнда құтқару жасағы сәт сайын осылай жағажайларды шолып жүреді. Бірақ суға шомылып салқындағысы келгендердің барлығы жағажайда жүрмейді. Жабайы жағажайларда талай тағдыр қиылған.

Арман Смайылов, Жамбыл облысы ТЖД бөлімнің бас маманы:

- Облыс аумағында 27 қайғылы оқиға тіркелді, одан 30 адам қаза болды. Оның ішінде 19-ы балалар. Шомылу кезінде біздің құтқарушылар батып бара жатқан болмаса, тұншығып жатқан адамдарды шығару оқиғасы ол 400-ден асады. Ал, былтыр 33 адам суға кеткен. Оның 21-і бала. Ал құтқарушылар берген дерек 1 жылдық қазаға жете-қабыл. Ел бойынша жарияланған статистика да қайғылы.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

- Суға шомылу маусымы 1-ші маусымнан басталғаннан бастап 196 адам суға кетті, оның 72 юала. 296 адам құтқарылды, оның 60-ы бала. Негізгі себеп жабдықталмаған орындарда шомылу, балларды қараусыз қалдыру, жүзу білмеу және мүмкіндігін жете бағаламау.

Соңғы жаңалықтар