СІМ Қытайда тұтқындалған студентке қатысты түсінік берді

СІМ Қытайда тұтқындалған студентке қатысты түсінік берді

СІМ Қытайда тұтқындалған студентке қатысты түсінік берді
ашық дереккөзі
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытайда қазақстандық студент қыз ұсталды делінген мәліметке қатысты түсінік берді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Tengrinews.kz тілшісіне дипломаттардың БАҚ-тарда жарияланған мәліметтерді тексеріп жатқанын хабарлады. "Біз бұл мәліметті тексеріп жатырмыз. Дәл қазір БАҚ-тарда есімі көрсетілген қыздың туыстары не қыздың өзі Сыртқы істер министрлігіне, Бейжіңдегі Қазақстан елшілігіне, ҚР СІМ паспорттық-визалық қызметіне немесе Үрімшіге хабарласпағанын айта аламын. Алдын ала мәлімет бойынша, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының сыртқы істер басқармасындағыларда да қазақстандық студент қызға қатысты ешқандай мәлімет жоқ. Қыздың туыстарынан хабар келіп түссе, біз тексеріс жүргіземіз. Бірақ дәл қазір бізде қазақстандық студент қызға қатысты қандай да бір мәліметтер немесе оның ұсталғаны жайлы мәлімет жоқ", - деді Әнуар Жайнақов. Осыған дейін Qamshy.kz rfa.org басылымына сілтеме жасай отырып Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетінің студенті Аққу Еренбектің ұсталғаны жайлы хабарлаған болатын. БАҚ мәліметінше, бұл оқиға Майқапшағай-Жеменей шекара пунктінде болған.