Оқиғаны түсіруге ұмтылған куәгерлер ұшақты сөндіруге көмектеспеген

Оқиғаны түсіруге ұмтылған куәгерлер ұшақты сөндіруге көмектеспеген

Оқиғаны түсіруге ұмтылған куәгерлер ұшақты сөндіруге көмектеспеген
ашық дереккөзі
Алматы облысында әуе апатынан қаза тапқан ұшқыштың туысы Facebook желісіндегі парақшасында денені жеткізуде болған проблемалар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"КазАвиа әуе компаниясына тиесілі ұшақта болған екі адам қаза болды. Куәгерлер өртеніп жатқан ұшақты видеоға түсіріп жатқанда, денелер адам танымастай өртеніп кетті. Өкінішке қарай, бізде қазір осылай. Барлығынан бұрын оқиғаны видеоға түсіру керек. Сарапшы денені оқиға орнында тани алмайтынын және денені Алматыға генетикалық сараптамаға жеткізу керектігін айтты", - деп жазған Тахир Тақабаев.
Оның айтуынша, ұшқыш Халит Ақбердинов - оның бауырының әйелінің ағасы. "Ашығын айтқанда, қаза тапқан ер адамның отбасының жағдайы орташа. Сондықтан олар қаржылық жағдайға байланысты генетикалық сараптамаға келе алмады. Туыстары барынша көмек көрсетіп жатыр. Сараптаманың нақты қашан жүргізілетіні де белгісіз.
"КазАвиа" әуе компаниясының басшылы қаза тапқандардың отбасына көмектесеміз деп уәде берген еді, алайда әзірше ол тараптан ешқандай көмек көрсетілмеді. Алматыға сараптамаға туыстарын жеткізсе де болар еді. Немесе генетикалық материалдарды Қарағандыдан Астанаға немесе Алматыға жеткізуге көмектесуге болады", - деп жазған.
"Әуе компаниясы жекеменшік болса да, онда қандай да бір жауапкершілік болуы керек. Сондықтан да мемлекет мұндай жағдайда көмектесуі керек қой. Мемлекет тек осы істі тергеумен айналысса, онда адамды да дұрыс жерлеу керек", - дейді Тахир Тақабаев. Бірақ ол кейінірек жазбасында әуе компания өкілдерінің онымен байланысқа шыққанын жазды.
"Олар ертең немесе арғы күні компания көлігінің денені отанына жеткізететіндерін айтты", - деп жазған Тахир Тақабаев Facebook желісіндегі парақшасында.