Головкин, "Канело", Сондерс, Лемье - ешқайсысы да мені жеңе алмайды

Головкин, "Канело", Сондерс, Лемье - ешқайсысы да мені жеңе алмайды

Головкин, "Канело", Сондерс, Лемье - ешқайсысы да мені жеңе алмайды
ашық дереккөзі
Головкин, "Канело", Сондерс, Лемье - ешқайсысы да мені жеңе алмайды. Жуырда ғана орта салмаққа  ауысып, өткен аптада бұл салмақта бірінші жеңісіне жеткен америкалық боксшы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) орта салмақтағы ең мықты деген боксшылармен кездесуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.  Чарло өткен аптада Нью-Йорк қаласында аргентикалық Хорхе Себастьян Хейлендпен (28-5-2, 15 КО) кездесіп, төртінші раунда жеңіске жетті. Осылайша ол қазіргі уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 37-0, 33 КО) тиесілі орта салмақтағы WBC белбеуінің басты үміткері атанды. "Орта салмақта, яғни 160 фунтта мен өзімді еркін сезінемін. Алдағы уақытта кез-келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын. Маған орта салмақтағы ең мықты боксшыларды алып келіңіздерші. Менімен жұдырықтасқысы келетін кез-келген боксшыға қарсы шаршы алаңға шығуға дайынмын. Орта салмақта менің үстемдік құратын кезім келді. Головкин, "Канело", Сондерс, Лемье ме? Бұл боксшылардың ешқайсысы мені жеңе алмайды", - деді Чарло жекпе-жегінен кейін өткен баспасөз жиынында.