Сағынтаев триатлон жарысының қатысушыларына медаль табыстады

Сағынтаев триатлон жарысының қатысушыларына медаль табыстады

Сағынтаев триатлон жарысының қатысушыларына медаль табыстады
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатының қатысушыларына медальдарды табыстады, деп хабарлайды primeminister.kz. Бұл чемпионат Қазақстанда триатлоннан өткен алғашқы ауқымды іс-шара болды. Триатлон, мультиспорттық жарыс ретінде қоғамда дұрыс трендтердің қалыптасуына - салауатты өмір салтын дәріптеуге септігін тигізеді.   200-ге жуық кәсіпқой мен спорт сүйер қауым «Жартылай темір» қашықтықта үш кезеңнен тұратын жарысқа қатысты:   1,9 шақырым жүзу, 90 шақырым веложарыс, 21 шақырым жүгіру. Бақытжан Сағынтаев Олимпиада чемпионы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровқа, Қазақстандық Триатлон Федерациясының вице-президенті, BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаевқа, сондай-ақ қашықтықты бағындырған алғашқы әйел қатысушы Нағима Керімбаеваға медальдарды табыстады.