Жаңалықтар

Депутат жыл соңына дейін девальвация болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

Депутат жыл соңына дейін девальвация болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді

ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында девальвация болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді. "Қазіргі уақытта БАҚ-тарда Tele Trade Central Asia сарапшыларының "жыл соңына ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 420-450 теңге болады" деген мәлімдемесі кеңінен жарияланып жатыр. Tele Trade компаниясының сарапшылары "ЭКСПО аяқталады", "банктерге қаржылық шығындарды өтеу керек" cияқты негіздерге сүйеніп осындай мәлімдеме жасап отыр. Бүгінде теңге еркін айналымда. Оған екі негізгі фактор әсер етіп отыр: 1) мұнай бағасы; 2) рубльдің долларға қатысты бағамы", - деп айтып өтті депутат. Сондай-ақ, мәжілісмен 2017 жылдың 28 шілдесінде АҚШ-тың Ресейге қатысты енгізген санкциясынан кейін де (1 доллар 60 рубльге тең) ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 330 теңге болатынын айтты. "Осылайша, теңгенің долларға қатысты бағамы жыл соңына дейін 330-340 теңге шамасында болады деп болжауға болады", - деді мәжілісмен Аманжан Жамалов.