Америкалық миллиардер Қазақстанға инвестиция құюға кеңес берді

Америкалық миллиардер Қазақстанға инвестиция құюға кеңес берді

Америкалық миллиардер Қазақстанға инвестиция құюға кеңес берді
ашық дереккөзі

Америкалық миллиардер Джим Роджерс Қазақстанға инвестициялауды кеңес берді деп хабарлайды ҚазТАГ-қа сілтеме жасаған Businessnews.kz. «Жалпы алғанда, мен бағаланбаған активтерді сатып алуға тырысамын. Мәселен, Қытай акцияларының нарығы қазір өзінің тарихи максимумдерінен шамамен 40%-ға төмен, Жапонияның қор нарығы – 50%-ға аз. Мен сондай-ақ Иранға, Қазақстанға, мүмкін, Африканың бірқатар елдеріне назар аударуға кеңес беремін.

Бұл инвестиция үшін өте танымал нысандар емес, бірақ та оларға деген қарым-қатынас өзгеретін болады», — деді Д.Роджерс CNN-ге берген сұхбатында. Ол сонымен қатар ресейлік қор нарығының төмендетілген бағасына назар аударды. «Ресей қор нарығы, менің пікірімше, әлемдегі бағаланбай жүрген нарық болып табылады. Мен өз қоржынымда ресейлік акциялар үлесін өсіруді жалғастырудамын. Атап айтқанда, жақында ғана мен агроөнеркәсіп секторындағы бірқатар компаниялардың акцияларын сатып алдым. Мен Ресейдің мемоблигацияларын да сатып алдым – олардың пайыздық мөлшерлемелері өте жоғары», — деп баса айтты Д.Роджерс. Одан өзге, ол өзінің инвестициялық қоржынында қытайлық компаниялардың акция үлесін ұлғайтуды жалғастырып жатқанын хабарлады.