Жаңалықтар

Қазақстан мен Мысыр Сыртқы істер министрлері 6 қазақстандықтың мәселесін талқылады

ашық дереккөзі

Қазақстан мен Мысыр Сыртқы істер министрлері 6 қазақстандықтың мәселесін талқылады

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы сөйлесіп, Каирде ұсталған қазақстандық алты азаматтың қал-жағдайын талқылады деп хабарлады 24.kz. «Телефон арқылы сұхбат қазақ тарапының бастамасымен өтті», – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. «Қазақстан мысырлық биліктен жастарды ұстап әкету себептері мен олардың қазіргі таңдағы мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр», – деді Әбдірахманов. «Ұсталғандармен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет», – дей келе, Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.