Алматы облысында ұшақ құлады
Алматы облысында ұшақ құлады
Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза болды. Алматы облысында Жаркенттен 10 шақырым жерде ұшақ құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында "Казавиа" әуе компаниясына тиесілі ЯК12 ұшағы құлады. Жаркенттен 10 шақырым жерде. 2 адам қаза болды. Авиахимиялық жұмыстар жүргiзіліп жатқан. Тергеу басталды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та растады. Оның айтуынша, ЯК-12 ұшағы құлап, артынша өртенген. Бортта ұшқышпен бірге тағы екі адам болған, екеуі де қаза болды.