Жаңалықтар

Әсет Исекешов басшыларға қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды

ашық дереккөзі

Әсет Исекешов басшыларға қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды

Астана әкімі Әсет Исекешев елордалық әкімдіктің отырысында басшыларға қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Елорда басшылары, қала басшыларынан бастап орынбасарлары, аудан әкімдері, олардың орынбасарлары, аптасына бірнеше рет, сондай-ақ басқарма басшылары, қала ведомстволары мен құрылымдық бөлімдердің басшылары күніне бір рет қоғамдық көлікті пайдалануы тиіс», - деді қала басшысы. Отырыс соңында әкім елордалық ІІД басшысына қала қауіпсіздігін бақылауды, қоғамдық тыныштық пен туристердің қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды.